Модель болу үшін…


Моделдердің өмірі – өзіне тән стандарттары мен талаптары бар бөлек әлем. Олардың ұзын бойлы әрі белгілі параметрлерге сәйкес дене бітімі болуы керек екенін барлығы біледі. Бірақ, әлемде өмірін моделдікпен байланыстырғысы келгендердің біреуін танымал қылатын, енді біреуін сән әлемінен мүлдем шеттетін арнайы стандарттар бар. Бұл стандарттар қандай екен?…

Модельдер бойшаң әрі сымбатты болуы шарт. Бұл жұмысқа бойы 170 сантиметрден ұзын, белі 86-88 см болатын қыздар қабылданады. Нағыз бабындағы қыздың бойы 176-180 см болып келеді екен. Мұндай бойға ие бойжеткендер әлемнің кез келген түкпірінде жұмыс істей алады. Ал, бойы 170-175 см қыздардың еуропалық сән әлеміне кіруі қиын болса да, азиялық нарыққа енуіне еш бөгет жоқ. Қыздардағы бойдың ең жоғарғы шегі – 184 см. Одан жоғары болса, модельдер өз карьерасында қиындықтырға тап болады. Сән әлеміне 12-17 жасында келген бойжеткендердің белі 86 см аспауы керек. 20 жасқа келгенде ол 90 см дейін ұлғаюы мүмкін. Бірақ, моделдер үшін осы өлшемнен асырмау міндет деседі.